ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» РМҚК республиканың барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні әдіскерлерімен ZOOM-нан жиналыс өткізді
- Қаралды: 927
Ағымдағы жылдың 23-24 желтоқсанында ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» РМҚК республиканың барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні әдіскерлерімен ZOOM-нан жиналыс өткізді.
Жиналыста орта білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәнін оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері талқыланды. Қалыптасқан жағдай дене шынықтыру мұғалімдерінің ҰКТ тапсыру кезінде және орта білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту сапасына әсер етеді. Осы және басқа да ілеспе мәселелерді шешу үшін Орталық дене шынықтыру мұғалімдері – педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілерден тұратын әдістемелік кеңестің құрамын жасақтайды. Дене шынықтыру мұғалімдерінің осы құрамынан Орталық Ұлттық тестілеу орталығына үміткерлерді ҰКТ тесттерімен жұмыс істеу бойынша іріктеу қажет.
2021-2022 оқу жылында нұсқаулық әдістемелік хатта «Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың дене дамуы мен дене дайындығының мониторингі» ғылыми жобасы ұсынылды. Әдіскерлер осы жобаның негізгі ережелері туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ, әдіскерлер 2022 жылы ҚР БҒМ өткізетін дене шынықтыру мұғалімдерінің республикалық съезін ұйымдастыру мен өткізудің мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар болды.