Анатөлі Қожекенұлы Құлназаровтың төл мерекесімен құттықтаймыз!
- Қаралды: 623
«Сегіз қырлы бір сырлы» дегенде, бірден ой мен тілге келетін көп жылғы адал еңбегімен, қоғамдық қызметтегі белсенділігімен, адамгершілігімен ерекшеленетін нағыз ер-азамат Анатөлі Қожекенұлы Құлназаровтың төл мерекесі.
Спорт саласына еңбегі өнген Құлназаров Анатөлі Қожекенұлы 1946 жылы 18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласында дүниеге келген. Жоғары білім алып, еңбек жолын туған мектебінде бастап, республика көлемінде лауазымды қызметтер атқаруы, Кеңес Одағы мен дүние жүзіне аты танымал болуы, талай-талай күрделі өмір белестерінен өтуі, ғылым докторы деңгейіне жетуі, жүздеген ғылыми еңбектер жазуы, мемлекет марапаттарына ие болуы еңбектің арқасында қолы жеткендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Халқына еңбегі сіңген, абырой мен мәртебе шыңдарынан көрінген Анатөлі Қожекенұлына спорт саласында атқарған елеулі еңбектері үшін үлкен алғысымызды білдіре отырып, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы айбарлы ел ағасын туған күнімен шын жүректен құттықтап, деніне саулық, ұзақ өмір, амандық тілейді!