8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық мектеп лигасы: Тоғызқұмалақ жарысының жеңімпаздары

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы мектеп оқушылары арасында 10 спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасы жобасын жыл сайын өткізіп келеді.

Мектепішілік, аудан мен қалалық, облыстық кезеңде үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушыларға республикалық лига ойындарында сайысуға мүмкіндік жасайды.

Ұлтымыздың асыл қазынасы - ұлттық ойындарымыз жас ұрпақты ақылдылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулитыны мәлім. Солардың ішінде бас асық, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасына енгізілген.

Ұлттық мектеп лигасы аясында Тоғызқұмалақтан республикалық жарысқа 15 өңірден командалардың келгені көңіл қуантады, 200-ге жуық оқушы өз аймағы үшін сайысқа түсті. Додаға Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары қатыспады.

ЖЕҢІМПАЗДАР (5-6 сынып)
1-орын Алматы облысы
2-орын Қызылорда облысы
3-орын Ақмола облысы
 
ЖЕҢІМПАЗДАР (7-8 сынып)
1-орын Қызылорда облысы
2-орын Ақтөбе облысы
3-орын Павлодар облысы
 
ЖЕҢІМПАЗДАР (9-11 сынып)
1-орын Қызылорда облысы
2-орын Алматы қаласы
3-орын Нұр-Сұлтан қаласы
 
Асықтарыңыз алшысынан түссін!
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
  • 001
  • 01
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар