8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Тоғызқұмалақтан студенттік спорттық лиганың жеңімпазы анықталды

29 сәуір - 4 мамыр аралығында Алматы қаласында  Республикалық студенттік спорттық лига аясында тоғызқұмалақ жарысы өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет бастау алған баскетбол, волейбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресінен СТУДЕНТТІК СПОРТТЫҚ ЛИГА жалғасуда. Дивизиондық жарыстардың жеңімпаздары республикалық додаға жолдама жеңіп алып, өз оқу орындарының намысын қорғап жүр.

Республикалық студенттік лига аясында тоғызқұмалақ жарысын өткізуге үлес қосып, зор қолдау көрсеткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Біләлов Дархан Нұрланұлына, еліміздегі студенттер спортының қалыптасуы мен дамуына еңбегі сіңген қайраткер, университеттің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Мұхиддинов Ерғали Мұхиддинұлына, кафедра оқытушысы Иралина Мира Мустахиновнаға алғыс айтамыз! Сондай-ақ, лиганы жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Тоғызқұмалақ федерациясына алғыс білдіреміз.

Дарындылар бас қосқан тоғызқұмалақ додасының ерлер арасында жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2-орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
3-орын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
 
Қыздар арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар:
1-орын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
3-орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
 
Жүлдегер командалармен қатар, жарысқа Қазақ спорт және туризм академиясы, А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.
Барша ұлттық спорт жанкүйерлері - Лига жеңімпаздарын құттықтаймыз!
 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар