Спорттық жарыстардың баланың тұлғалық дамуында алатын орны үлкен
- Қаралды: 440
Спорттық жарыстардың баланың тұлғалық дамуында алатын орны үлкен.
Сайыс алаңында жүріп бірі ән айтып, би билеп, күй тартып, кітап оқып, бір-бірімен түрлі хоббиларын таныстырып, уақыттарын тиімді өткізудің түрлі жолдарымен алмасады.
Жарыстан бос уақытта олар жүзуге, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат пен шашка, волейбол мен баскетбол, футбол ойнауға, сол жердің көрікті орындарын тамашалауға мүмкіндік алады.
Бақытты балалық шақтың жарқын естеліктері Лига және Гимназиадамен етене байланысты болуы - біздің Орталықтың ең маңызды миссиясы - Еліміздегі 3️,5 миллион оқушының өмірінде жақсы ой-түсінік қалыптастыру. Салауатты елдің келешегі - салауатты өмір салтын ұстанатын саналы ұрпақпен байланысты.
Тәртіп пен тәрбиеге баулитын спорттық іс-шаралар оқушыларды тек шымыр болуға ғана емес, ақылды, әділ болуға, өзара сыйластық, адамгершілік қағидаларды бойларына сіңіруге қызмет етеді.