Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары мен футбол фестивалі бүкіл аймақта өтеді
- Қаралды: 451
Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған УЕФА-ның "D" жаттықтырушылар категориясы және "Футболдағы балаларды қорғау саясаты" бойынша курс өткізуді жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз бен маусым аралығында курстар Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалаларында өткен болатын; Тыңдаушылар саны 2000-ға жуық мұғалімді құрады. Сондай-ақ, 9-14 жас аралығындағы қыздарға арналған "Менің ойым" футбол фестиваліне 1500-ға жуық оқушы қатысты.
Қыркүйек-қазан айларында жаттықтырушылар курсы мен оқушылар фестивалі Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Тараз, Талдықорған, Алматы қалаларында өтеді.
2 күндік курс аяқталғаннан кейін "D" санатты жаттықтырушылар курсы мен балаларды қорғау саясаты бойынша футбол курсын тыңдағанын растайтын сертификаттар табысталады.