Дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары
- Қаралды: 475
ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының” ұйымдастыруымен 3 қазанда бастау алған дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары жалғасуда. Айта кетейік, курс Қазақстанның барлық аймағында 9 желтоқсанға дейін белгіленген кестеге сәйкес өткізіледі.
Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Жетісу облыстарының мұғалімдері 3-14 қазан аралығында курстан өтіп, 370 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі жөнінде сертификаттарын алды.
Қазіргі таңда Ұлытау, Абай облыстарында курстың 2-аптасы жалғасуда. Аталмыш облыстар бойынша 21 қазанда 120 мұғалім курсты тәмамдайды.
Бүгіннен бастап Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының ұстаздары курсты бастады. Бұл аймақтарда курстарға 270 мұғалім қатысуда.
Құрметті ұстаздар! Аймақтарда өту кестесі алдыңғы жазбаларда жарияланды.