Ұлттық мектеп лигасы - Министрлік пен жалпы білім саласы үшін өте маңызды шара
- Қаралды: 425
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов:
«Ұлттық мектеп лигасы - Министрлік пен жалпы білім саласы үшін өте маңызды шара. Ұлттық лиганың қатысушылары да, оқушыларымыздың спорттық әлеуеті де жыл сайын артып жатыр.
Өздеріңіз білетіндей, қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, 64 елдің ең озық оқушылары қатысқан додада 3500-нан астам жас спортшылармен сайысқа түсіп, 86 медальмен құрамамыз 3-орынды жеңіп алды.
Президенттің тапсырмасының шеңберінде биылдан басап Гимназиада сынды халықаралық спорттық додалардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай, жоғары оқ орнында білім алуға мемлекеттік грантты жеңіп алады.
Биыл Гимназиаданың 51 жеңімпазы осы гранттарды жеңіп алып, жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік алды. Әрі қарай да біз осы қолдау жұмыстарын міндетті түрде жүргіземіз».