СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Жоғары білім саласындағы дене шынықтыру және спорт» тақырыбында конференция өтті

ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Назарбаев университеті Медицина мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Жоғары білім саласындағы дене шынықтыру және спорт» тақырыбында конференция өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлері, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушілері мен спорт клуб төрағалары, дене шынықтыру оқытушылары қатысты.

«Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру және тұлғалық дамыту мәселелерінде дене тәрбиесінің ықпалын күшейту керек. Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық нәтижелеріне студенттеріміз үлкен үлес қосып келеді. Осы уақытқа дейін ел құрамасы Дүниежүзілік 14 жазғы және қысқы универсиадаларда 200 медальға (51 алтын, 68 күміс және 81 қола) ие болды. Биыл баскетбол, волейбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі бойынша Студенттік спорттық лига өткізіледі. Былтыр Лигаға 64 (53,3%) университет қатысқан. Бұл көрсеткіш биыл жоғарылайды деген үміттеміз,- деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садықов Сағдат Кәбірұлы.

Дене шынықтыру және спорт ғылымы бойынша дәрігер, PhD-доктор, Спорт медицинасы және реабилитология магистратурасының тең-директоры, Назарбаев университеті Медицина мектебінің оқытушысы Елтай Рахманов «Спорттағы таланттарды анықтау» туралы; Дәрігер, Спорт медицинасы және реабилитология магистрі, ғылыми қызметкер Нұрмахан Жолшыбек «Спорт ғылымындағы тренд: жасанды интелект» тақырыбында; Дәрігер, Спорт медицинасы және реабилитология магистрі, ғылыми қызметкер Бауыржан Тоқтарбай «Спорттағы биомаркерлер» жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар Назарбаев Университеті Атлетикалық орталығын аралап жұмысымен танысты.

Жоғары оқу орындарында академиялық білім беру, студенттер спортын дамыту және «Студенттік спорттық лига», Қазақстан Универсиадасын өткізу, Дүниежүзілік Универсиадаға ел құрамасын қатыстыру мәселелері бойынша талқылап, Орталықтың Спорттық іс-шараларды өткізу, статистика және талдау бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының магистрі Мира Мухамадиева соңғы деректермен бөлісті. Ақтауда Yessenov университеті базасында өтетін жазғы Универсиаданы өткізу жоспарымен ЖОО өкілі таныстырды.

Конференцияда ЖОО өкілдері жергілікті жерлердегі студенттік спорттың жай-күйін айтып, өзекті мәселелеріне тоқталып, даму перспективасына байланысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.