ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ РӨЛІ МАҢЫЗДЫ
- Қаралды: 363
Бүгін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаимен кездесті.
Кездесуге Төрайымның орынбасары Баян Ахатай, ”Темекісіз” қоғамдық қорының атқарушы директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Жамиля Садықова, “Білімді ел - Образованная страна” Қазақстанның білім беру саласындағы газеттің негізін қалаушы, редакторы Ләззат Түркістанова және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілдері қатысты.
Бас директор Орталықтың балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене дайындығын мониторингілеу, мектептердегі спорт секциялары, оқушылар спортындағы құндылықтар, ата-аналарды балалардың дене тәрбиесі шараларына тарту бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.
Аналар кеңесі алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасағысы келетінін айтты, республика көлемінде белсенді ата-аналарды мектеп өміріне араласуға, спорттық шараларға балаларын қолдап келуге, жарыстар аясында тәрбиелік кездесулер өткізуге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Екі тарап өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсарту шараларын бірлесіп атқаруға байланысты ынтымақтастық меморандум жасап, іс-шаралар жоспарын бекітуге келісті.