8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГОЛБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы 2023 жылдың халықаралық, республикалық спорт және дене шынықтыру, бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Қазақстан голбол федерациясымен» бірлесіп Алматы қаласында Голбол спортынан «Сылдырмалы доп» инклюзив балалар арасында республикалық жарыс өткізіп жатыр.

Республикалық жарыс көру қабілеті нашар оқушылар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды голбол сабақтарына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бойында моральдық-ерік, этикалық-адамгершілік, патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу, өңірлердегі мамандандырылған мектептерде спорт түрінің даму деңгейін анықтау және голболдан ұлттық құраманың резервін қалытастыру үшін талантты ойыншыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылуда.

Турнирдің бірінші кезеңі – мектепішілік жарыстар қазан-желтоқсан айларында өтіп, финалдық кезеңге жолдама жеңіп алған командалар республикалық жарыстарға қатысуда. Финалдық кезең әр жас санаты бойынша 2005-2007 жж., 2008-2010 жж. оқушылар арасында бөлек, IBSA голбол ойынының халықаралық ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Республикалық кезеңге Павлодар, Маңғыстау облыстары және Шымкент, Астана қалаларының оқушылары қатысуда.

Жүлделі орын иеленген командалар мен жарыс жүлдегерлерін дайындаған команда жаттықтырушылары кубоктар, дипломдар, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша жеңімпаз оқушылар дипломмен және сыйлықпен марапатталады.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар