СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ОҚУШЫ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ОЙЫНЫМ» ФУТБОЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Қазақстан футбол федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірігіп, қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалін ұйымдастыруда.


Еліміздің барлық аймағында өтетін іс-шараның басты мақсаты - қыздар футболын кеңінен насихаттау. Фестиваль ең алдымен Талдықорған, Қонаев және Алматы қалаларында бастау алып, 300-ден астам қыздар қатысты.
Шараға қатысқан қыздар әртүрлі жаттығулар мен эстафеталарға қатысып, футболмен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Фестиваль соңында барлық қатысушыларға ҚФФ тарапынан сертификаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.
Еліміздің барлық аймағында фестивальге қатысқан қыздар футбол клубтары жанында жұмыс істейтін футбол орталықтарына жазыла алады.
«Менің ойыным» футбол фестивалінің кестесі:
28 наурыз – Тараз
30 наурыз – Шымкент
4 сәуір – Түркістан
6 сәуір – Қызылорда
10 сәуір – Ақтау
13 сәуір – Атырау
17 сәуір – Орал
20 сәуір – Ақтөбе
24 сәуір – Қостанай
27 сәуір – Петропавл
3 мамыр – Көкшетау
5 мамыр – Астана
12 мамыр – Қарағанды
16 мамыр – Өскемен
18 мамыр – Семей
22 мамыр – Павлодар
26 мамыр – Жезқазған

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.