ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИАДАСЫ: АСТАНАДА КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫ, ШОРТ ТРЕК ЖАРЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
- Қаралды: 377
Оқу - ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен ХІ қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы жалғасып жатыр.
Конькимен жүгіру спортына Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласының оқушылары қатысуда.
Шорт-тректен Ақтөбе, Ақмола, Астана, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының оқушылары өзара сайысады.
Аталмыш жарыстарда 200-ге жуық оқушы қатысып жатыр.
Айта кетейік, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау және шаңғы жарыстарының жеңімпаздары белгілі болды. Спорттың үш түрі бойынша 380 оқушы сынға түскен болатын.
Қысқы президенттік көпсайыста Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облысының оқушылары жеңіске жетті.
Қысқы спорттық бағдарлаудан Шығыс Қазақстан облысы, Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары үздік үштікке енді.
Ал шаңғы жарысынан Ақмола, Қостанай және Павлодар облысының оқушылары жеңімпаз атанды.
Бағдарламаға сәйкес 2-6 сәуір Павлодар қаласында мәнерлеп сырғанау, 10-18 сәуірде Өскемен қаласында шайбалы хоккей жарысы жоспарланған.
ХІ қысқы гимназиада 14-21 сәуірде елордада өтетін бенди жарысымен қорытындыланады.