Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалін өткізіп жатыр.
Қазақстан футбол федерациясының мамандары көңілді атмосферада оқушыларға әртүрлі жаттығулар жасатып, эстафеталар және мини-футбол ойнату арқылы футболмен жақынырақ таныстыруда.
Қазіргі таңда Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау облыстарынан басқа өңірлерде ұйымдастырылған фестивальге 2000-нан астам оқушы қатысып үлгерді. 13 наурызда бастау алған фестиваль еліміздің барлық өңірін қамтиды.
Алда өтетін фестиваль кестесі:
12 мамыр – Қарағанды
16 мамыр – Өскемен
18 мамыр – Семей
22 мамыр – Павлодар
26 мамыр – Жезқазған
ҚР, Астана қ., Сарыарқа данғылы, 6 БО "АРМАН" 9 қабат 8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі 8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі 8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі 8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру nnpcfk2024@gmail.com info@nnpcfk.kz