СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
«Дене шынықтыру – білім алушылардың дене тәрбиесі мен рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директорының орынбасары Р. Рысбекова баяндама жасады.
- Қаралды: 158
Қарағанды облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 12 мамырда «Құндылықтарға негізделген дене шынықтыру пәні» тақырыбында педагогикалық форумы өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің білім беру ұйымдарында физикалық шынығу жаттығуларын өткізумен қатар, білім алушылардың бойында зияткерлік және танымдық қабілеттерін жетілдіруге және дамытуға ықпал ете отырып, батылдық, ерік-жігер, бастамашылық, төзімділік, жауапкершілік, шығармашылық және т.б. жеке қасиеттерді қалыптастыруға болатындығы айтылды.