ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІМЕН БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ
- Қаралды: 290
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 766 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы қаулысымен құрылды.
Бұл біздің еліміз үшін көп жылғы еңбек пен білікті мамандардың күш-жігерінің жемісі болып табылатын айтулы сәт. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ашылуы еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамытудағы маңызды қадам деп айтуға болады.
Орталықтың құрылған уақытынан бастап қалыптасуы мен дамуы жолында елеулі еңбек еткен барша ардақты әріптестерімізге Алғыс білдіреміз.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамыту жолында бірлесе жұмыс істейтін үздік ғалымдар мен жаттықтырушылардың және спортшылардың мол тәжірибесін жинақтап, ұлттық құндылықтарымызды спортпен сабақтастыра отырып, білім беру ұйымдарына жүйелі жеткізуді көздейді.
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі жөніндегі ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуге мақсатты кешендік бағдарламалар әзірлеуде, спорт түрлері бойынша республиканың спорттық резервін даярлауға және жасөспірімдер мен студенттік құрама командаларын жасақтауда, дене тәрбиесі жөніндегі педагог мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудағы қызметіміз биік шыңдарға жетелесін.
Ел игілігі үшін жүзеге асырып отырған жұмыстарымызға толағай табыс, жаңа жетістіктер, зор денсаулық тілеймін.
С. Садыков
Ұлттық орталықтың бас директоры