ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ 6500 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ
- Қаралды: 339
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы өз қызметі шеңберінде білім беру ұйымдарындағы оқушылардың дене тәрбиесіне, олардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу дайындығына бағытталған мектеп спортын дамытумен айналысады.
Мектеп спортын дамыту мақсатында Жазғы және қысқы Гимназиада, спорт түрлері бойынша Ұлттық мектеп лигасы, республикалық балалар мен жасөспірімдердің көп деңгейлі спорттық іс-шаралары өткізіледі.
Ағымдағы жылы 31 наурыз - 6 маусым аралығында Ұлттық мектеп лигасы үш жас тобы бойынша өткізілді.
Астана қаласында өткен 9-11 сыныптар арасындағы жарыстарға 2009 оқушы, Павлодар облысында 7-8 сыныптар бойынша жарысқа 2325 оқушы, Алматы облысында 5-6 сынып оқушылары арасында өткен жарыстарда 2 150 оқушы қамтылды.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы көп деңгейлі республикалық турнирлер аясында 6 жарыс өткізіліп, оған 500 оқушы қатысты.
Ағымдағы жылы 8 спорт түрінен Республикалық XI қысқы Гимназиада өтті. Оған 20 өңірден 1 мыңнан астам оқушы қатысты. Гимназиада қорытындысы бойынша 1 орынды Қостанай, 2 орынды Солтүстік Қазақстан және 3 орынды Батыс Қазақстан облыстарының оқушылары иеленді.
Бүгінгі таңда ҰББДҚ (Ұлттық білім беру деректер қоры) мәліметтері бойынша мектеп спорт секцияларына 1 342 426 бала немесе жалпы 3 713 304 баланың 36,1%-ы қатысады. Оның ішінде қалалық жерде - 703 672 оқушы; ауылдық жерлерде - 638 754 оқушы.
Жалпы білім беретін мектептер базасында 49 105 спорт секциясы жұмыс істейді. Оның 18 403-і қалада, 30 702-і ауылда.
Соңғы жылдары барлық спорттық жарыстарға республика бойынша қатысушылардың саны да, сапасы да артқан, оқушылар жүйелі қатысудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ “ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2023” САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫНДА МАРАПАТТАЛАДЫ!