8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.


Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садыков Сагдат Кабирович және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нургуль Ульжекова бейімдік дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» және «Адаптивная физическая культура и спорт» атты оқу-әдістемелік құралдары мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дене шынықтыру және спорт бойынша 6 бағдарламаны Орталық сайтына жүктейді.
Сонымен қатар, қос тарап ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар мен жастар үшін тегін бейімдік спорт секцияларын ұйымдастыруға жәрдемдеседі; инклюзивті спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал етеді; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; бейімдік дене шынықтыру мәселелері бойынша мемлекеттік білім беру стандартын, үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлеуге қатысады деп жоспарланып отыр.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар