"Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі" жобасын іске асыру туралы
- Қаралды: 298
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (бұдан әрі – Орталық) мен Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде "Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі" жобасы іске асырылуда, оның мақсаты Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын алға жылжыту болып табылады.
2023 жылғы 21 шілдеде Қазақстандағы стратегиялық/бағдарламалық құжаттардың деңгейінде сапалы дене тәрбиесі саясатын енгізу мүмкіндіктерін талқылау бойынша жобаға қатысушылардың отырысы өтті.
Аталған іс-шараға PhD, жоба сарапшысы, үйлестірушісі Әлия Қадырқызы Ілиясова және әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мәселелері жөніндегі бағдарлама маманы Мақсат Талғатұлы Байбеков, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, сондай-ақ жобаның Басқарушы комитетінің, жобаның техникалық жұмыс тобының мүшелері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, өңірлік орталықтардың директорлары және 52 адам дене шынықтыру жөніндегі педагогтер қатысты. Отырыс ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Ивановна Тарасенконың төрағалығымен өтті.
Орталықтың бас директоры Сағдат Кабирович Садықов "Қазақстандағы дене тәрбиесі саласындағы ағымдағы тәжірибеге шолу" тақырыбында баяндама жасады.