ХХХІ Дүниежүзілік жазғы студенттік ойындарда ел намысын қорғайтын дзюдошыларымыз Чэндуға жетіп, спортшылар қалашығына орналасты.
ХХХІ Дүниежүзілік жазғы студенттік ойындарда ел намысын қорғайтын дзюдошыларымыз Чэндуға жетіп, спортшылар қалашығына орналасты.
Қаралды: 238
Құрама сапында Қалдыбек Айғали, Курманбай Балнұр, Куюлова Эсмигуль, Маргарита Гриценко, Әбеуова Толғанай, Рамазанова Акерке, Давлатов Шерзод, Нарқулов Асқар, Байғазы Аян, Садуақас Бекарыс, Қаблан Нұрсұлтан, Жұбатқан Сұңғат өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, Универсиаданың салтанатты шеруінде Қазақстан құрамасының туын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 3-курс студенті, дзюдошы Қаблан Нұрсұлтан ұстап өтеді.
Нұрсұлтан дзюдомен 2013 жылдан бастап айналыса бастады. Оның жетістіктерінің қоржынында 12-ден астам жүлделі орын бар. Олардың ішінде: жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР Чемпионатында 1-орын, жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия чемпионатында 3-орын, академик Қ. И. Сәтбаевты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнирде 2-орын, қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінде 1-орын және т.б.
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Дзюдодан ҚР спорт шебері, дзюдодан Қазақстан ұлттық және жастар құрамасының мүшесі болып табылады.
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz