Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын жүргізу
- Қаралды: 273
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын жүргізу» жобасын іске асыру жайында ақпарат
Өңірлерде консультативтік кездесулерді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес Орал қаласында алғашқы кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстанда сапалы дене тәрбиесін жүргізу үдерісіне мүдделі тараптардың және БАҚ өкілдері, оның ішінде орта білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының дене шынықтыру педагогтері қатысты. Барлығы - 60 адам.
Баяндамаларда дене шынықтыру – бұл Қазақстанда оқулық жоқ мектептегі жалғыз пән және ДШ мұғалімдері ескірген әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын қолдануға мәжбүр екендігі атап өтілді. Сондай-ақ, үздіксіз спорттық-сауықтыру жүйесінің тиімділігіне әсер ететін негізгі себептер ретінде салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты және жастар арасындағы Олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын жеткіліксіз насихаттау көрсетілді; «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқу - жаттығу процесінің оқу құралдарымен және оқулықтармен (оның ішінде электрондық) қамтамасыз етілуінің төмендігі; Спорт және жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі; жаттықтырушылар мен оқытушылардың тапшылығы, олардың әдістемелік даярлығының жеткіліксіздігі; анықталған кемшіліктерді және оларды жою жөніндегі тиімді бағдарламаларға талдаудың болмауы.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын әзірлеуге жоғары қызығушылық танытты және болашақта осы бағыттар бойынша жұмыс істеуге ниет білдірді.
#СапалыБілім #Сапа #ДенеТәрбиесі