Өскеменде дене тәрбиесі саясаты бойынша консультативтік кездесу өтті
Өскеменде дене тәрбиесі саясаты бойынша консультативтік кездесу өтті
Қаралды: 331
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2023 жылғы мамыр - желтоқсан аралығында «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын жүргізу» жобасы іске асырылып жатыр. Өңірлерде консультативтік кездесулер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Өскемен қаласында кездесу өткізілді.
Жобаның мақсаты Қазақстанда СДТ саясатын ілгерілету болып табылады. Жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады. Жобалық қызмет, оның ішінде, СДТ саясатын іске асыруға қатысы бар мүдделі тараптардың барлық топтарының қатысуын және тартылуын қамтамасыз етуге бағытталған және бұл іс-шара осы бағытта маңызды болып табылады.
Іс-шараның мақсаты: сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясат бойынша ЮНЕСКО әдіснамасымен танысу; СДТ ұлттық саясатын әзірлеу шеңберінде дене тәрбиесін нығайту жөніндегі іс-шараларды талқылау.
Іс-шараға қатысушылар: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі; жобаның техникалық жұмыс тобының мүшелері; "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК; білім; денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері; Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері; Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының өкілі; әйелдер мен балалардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыратын өңірлік ҮЕҰ өкілдері.
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz