СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Мектептегі жеңіл атлетиканы оқыту жүйесі» семинары

🏆ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30 қазанда Астана қаласында дене шынықтыру педагогтеріне арналған «Мектептегі жеңіл атлетиканы оқыту жүйесі» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған семинар басталды. Семинарды ҰҒПДТО бас директоры - С. Садыков ашып, дене шынықтыру пәні арқылы жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңызы зор екендігін атап өтті.
🏆Семинарда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ресми сертификатталған дәріскері, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының директоры – Александр Николаевич Кругликов (КСРО-ның декатлоннан спорт шебері, ҚР спорт шебері, жоғары спорт шеберлігі мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы, 1 деңгейдегі TOECS ҚР жоғары санатты ұлттық төрешісі, Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының 1 және 2 деңгейлі дәріскері,) және қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты – Марина Владимировна Кругликова теориялық/практикалық дәріс беруде.
🎯Республика көлемінде ұйымдастырылған семинар «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізілуде.
🎯Педагогтер жалпы орта білім беру ұйымдарында үлгілік оқу бағдарламасының жеңіл атлетика бөлімінің жүгіру, секіру және лақтыру тақырыптарын өткізудің, білім алушыларға дене қозғалысы жаттығуларының тиімділігін, үйлесімділігін үйретудің тың әдістерін меңгеруде.
 
      
 
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.