СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Бүгін Қызылорда қаласында волейболдан 2007 - 2008 жылы туылған (ер, қыз балалар) облыс құрама командаларының арасындағы республикалық жарыс басталды. Аталмыш жарысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының жетекші сарапшысы Нұрсұлтан Бекмұратұлы және Қызылорда облысының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Алпысбаев Ерғали Сраждинұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ашып берді.
Республикалық жарысқа Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарын және Шымкент қаласынан келген командалар қатысып, бақтарын сынайды. Айта кету керек, аталған жарыс 20-26 қараша күндері аралығында өтетін болады.
Барлық жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!
 
      
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.