ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- Қаралды: 269
Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми және практикалық қызметті жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы биыл ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-ұйымдастырушылық, біліктілікті арттыру, спорттық-бұқаралық іс-шаралар бағытында біршама жұмыстар атқарды.
ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өңірлік кеңсесімен бірлесіп «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» ғылыми жобасы іске асырылып бастады. Жоба аясында орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыруды оқытудың жай-күйін зерделеу мақсатында Орал, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Өскеменде дене шынықтыру педагогтерімен 5 консультациялық кездесу өткізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ағымдағы жағдайға талдау жасалып, жоба саясаты және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірге «Балалар мен жасөспірімдердің физикалық денсаулығының мониторингі: ұлттық өлшеу құралдарын модификациялау» ғылыми жобасы іске асырылуда.
Жоба барысында еліміздің 15 өңірінің білім беру ұйымдарында оқитын 9-17 жастағы балалардың (3846) дене дамуының деңгейіне зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, еліміздің 4 өңірінің білім беру ұйымдарында оқитын 9-17 жастағы балалардың (1000) дене және функционалдық дайындығы зерттеліп, оқушылардың дене дамуы, дене шынықтыру және функционалдық дайындығы туралы деректерді өңдеу және жүйелеу жұмыстары жүргізілді. Орта білім беру ұйымдарының жасөспірім балаларының денсаулығы параметрлерінің базасы құрылды. Зерттеу нәтижелерін цифрлық денсаулық паспортын әзірлеу кезінде пайдалану жоспарлануда.
«Орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша», «Дене шынықтыру пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында дене шынықтыру сабағында ашық ойындарды пайдалану бойынша», «Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі спорт түрлері бойынша сабақтар өткізу бойынша», «Білім алушы жастар арасында ұлттық спорт түрлерін ұйымдастыру және өткізу бойынша», әдістемелік ұсынымдар әзірленді. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға және дамуында ауытқулары жоқ балаларға арналған инклюзивті бағдарламалар» қазақ тіліне аударылды.
Орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы және арнайы медициналық топқа жатқызылған білім алушылардың дене тәрбиесі бойынша сабақтарды ұйымдастыру туралы ереженің жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамында біздің Орталық қызметкерлері жұмыс жасады.
1-4 сыныптарға, 5-9 сыныптарға, 10-11 сыныптарға арналған "Сергіту сәті" республикалық челленджі ұйымдастырылды, Назарбаев Университеті Медицина мектебімен бірлесіп спорт түрлі түрлері бойынша 20 бейнеролик дайындалды, "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында "Алтын сақа" республикалық олимпиадасы өтті.
«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2023» республикалық конкурсына Қазақстанның 19 өңірінен облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған дене шынықтыру педагогтері қатысты. Бас жүлдені Қостанай облысы иеленді, Алматы қаласы, Ақтөбе облысы, Ақмола облысының ұстаздары үздік үштікті құрады.
Дене шынықтыру пәнінен 5-6 сынып, 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Еліміздің 15 өңірінен 270 оқушы қатысты. 5-6 сынып оқушылары арасында 1-орын Алматы қаласы, 2-орын Жетісу облысы, 3-орын Ақмола облысы; 7-8 сыныптар бойынша Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласы үздік үштік қатарында.
Еліміздің барлық өңірінен 824 педагогтің қатысуымен Қазақстан мұғалімдер спартакиадасы өтті.
Назарбаев университетінің Медицина мектебімен, Польшаның Экономика университетінің Спорт және дене шынықтыру институтымен, Әзербайжанның ұлттық спорттық медицина және оңалту институтымен, Қазақстан халқы ассамблеясы Республикалық аналар кеңесімен, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ, "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қорымен, "Қазақстан футбол федерациясы" ЗТБ-мен, Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция, семинар, шеберлік сағаттары, сьезд ұйымдастырылды.