2024 жылғы 24 ақпанда Астана каласында «Үздіксіз білім беру – тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
- Қаралды: 334
2024 жылғы 24 ақпанда Астана каласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКК-нің қолдауымен Астана каласы, «№ 59 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК базасында «Үздіксіз білім беру – тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында 16 бағыт бойынша, оның ішінде «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт» тақырыбында дене шынықтыру педагогтерінің секциясы жұмыс істеді. Конференцияның жұмысына қатысу үшін колледждердің оқытушылары мен басшылары, мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың педагогтері мен басшылары шақырылды.
Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- білім беру жүйесінің әртүрлі бөлімдеріндегі дене тәрбиесі мұғалімдерінің ғылыми- әдістемелік және практикалық жұмыстарын дамыту және жетілдіру;
- мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін тарату;
- инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру;
- оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы формалары мен әдістері.
«Үздіксіз білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт» тақырыбындағы дене шынықтыру педагогтерінің 9-секциясына республика өңірлерінен және таяу шет елдерден 50-ден астам өтінім келіп түскен. Секция модераторы – Искакова Ғалия Ғабдулманапқызы, Астана қаласы әкімдігінің Өркен балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары болды.
Халықаралық конференциядағы «Дене шынықтыру» секциясының спикерлері педагогтердің үздіксіз білім беру жүйесінде білім алушылардың дене тәрбиесі өзекті тақырыптары бойынша баяндамалары мен таныстырылымдарын ұсынды:
- Куптилеуова Сянзия Кантуреевна, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «ҰҒПДТО» РМҚК Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының жетекшісі «Біліктілік арттыру курстарында дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;
- Панфилова Елена Александровна - Астана қаласы әкімдігінің № 14 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Применение Президентских тестов в системе непрерывного образования в сфере физической культуры»;
- Стекольщиков Владимир Викторович - № 13 ОМ ШЖҚ МКК дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Современные игры с элементами национальных видов на уроках физической культуры»;
- Оспан Серікболат Жанболатұлы - «Шейх халифа бен Заид әль-Нахаян» атындағы № 84 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Оқушылардың оңтайлы қозғалыс функциясын қалыптастыру»;
- Қаржау Айдана Бауыржанқызы - Астана қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК жаттықтырушысы «Дзюдошылардың жетістіктеріне дене шынықтыру жаттығуларының әсері»;
- Кибкало Вера Николаевна - № 22 мектеп-гимназиясы ШЖҚ МКК білім беру мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі «Деятельность образовательных учреждений по сохранению и укреплению здоровья учащихся!»;
- Дәулетова Салтанат Әлімбайқызы - № 59 мектеп-гимназиясы ШЖҚ МКК білім беру мекемесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Дене тәрбиесі сабақтарын қашықтық форматында өткізудің әдістемелік тәсілдері».
Қатысушылар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуін, баяндамалардың, ұсынылған презентациялық материалдарын атап өтіп, іс-шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейіне жақсы баға берді. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін тарату; инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру; оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы формалары мен әдістері, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін үнемі дамыту және жетілдіру қажеттілігі, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тұрақты мотивация мен оқушыларды қалыптастыру туралы идеялар ұсынылды.