2023 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен тыңдаушыларға курстан кейінгі сүйемелдеу өткізілді.
- Қаралды: 336
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының бекітілген жоспарына сәйкес 2024 жылғы
29 ақпанда «Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында 2023 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен тыңдаушыларға курстан кейінгі сүйемелдеу өткізілді.
Р. Рысбекова – «Ұлттық ғылыми–практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК Стратегиялық даму және инновациялар бойынша бас директордың орынбасары, С. Куптилеуова – дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зерханасының жетекшісі, Г. Бекмамбетова, А. Мираманов,
А. Ташранов, Л. Эргаш – аға әдіскерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының әдіскері – А. Шарибданова және орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдері, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» әдіскері – А. Мойлауов және орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдері, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері –
Ш. Кемелбаева және орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдері онлайн түрде (жалпы 76 адам) қатысты. Оның ішінде 9 педагог курстан алған инновациялық білімді оқу процесінде қолдануда кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру тақырыптарын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Курстан кейінгі сүйемелдеу отырысында педагогтер дене шынықтыру пәніне қатысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарды да қозғап, көкейтесті мәселелерді талқылады. Жалпы орта білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәнінен сабақ беретін педагогтер оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарына сәйкес ұлттық ойындардың, қозғалмалы ойындар, инклюзивтік білім беру, спорттық ойындар, дене тәрбиесі сабақтарында ақпараттық қосымшаларды, дене шынықтырудағы заманауи технологияларды ұтымды қолдану тақырыбындағы жұмыстарын қорғады. Олар: Ж. Дуйсенов (БҚО Қаратөбе ауданы Соналы ЖОББМ); А.Султангалиева (БҚО Казталов ауданы Ажбай ауылы Бірік ЖОББМ); А. Арыстанов (БҚО Жаңақала ауданы «Жаңақала – МГ»); М. Мухажанова (ШҚО Өскемен қ. О. Бөкей атындағы
№ 44 ОМ); Е. Кеңескалиев (ШҚО Самар ауданы Жамбыл атындағы ОМ);
Ә. Смағулова (ШҚО Өскемен қ. № 26 ОМ); Б. Бегжанов (Жамбыл облысы Қордай ауданы Б. Момышұлы атындағы № 43 ОМ); Д. Рамазанов (Жамбыл облысы Қордай ауданы А. Байтұрсынов атындағы ОМ); А. Аманбек (Жамбыл облысы Қордай ауданы А. Құнанбаев атындағы № 3 ОМ).