Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт
- Қаралды: 358
Бүгін – «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат- Прогрессивті ұлт» тақырыбындағы тапсырмалардың орындалу барысының есебі тыңдалды. Бұл тапсырмалар 27 наурыз күні Оқу-ағарту министрлігімен өткізілген ZOOM конференциясында берілген болатын.
Жиналысқа зертхана жетекшілері мен қызметкерлері қатысты
Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі зертханасы жетекшісі Аймен Молдағалиқызы «Сергіту сәті» челленджін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін айтты. Ол бойынша 1-4 сынып оқушылары, 5-8 сынып оқушылары және 9-11 сынып оқушыларына арналған таңғы жаттығу бейнероликтері дайындалды.
8 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан бойынша өткізілген «Сергіту сәті» челленджіне 2,5 миллион адам қатысқан болатын.
Балалардың сауықтыру лагерлерінің барлық түрлеріне арналған жадынамалар мен нұсқаулықтар жинағы әзірленді, министрлікке тапсырылды
Балалардың демалысы мен қауіпсіздігін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің тізімі жасалды.
Нұсқаулықты әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды
Дене шынықтыру мамандарының және педагогтарының біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік зертханасы басшысы Асқар Құдайбергенұлы алда өткізілетін оқу-әдістемелік курстары туралы жсопарымен бөлісті.
«Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзіреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізу жоспарлануда. Курсты 12 ақпан мен 7 қазан айы аралығында өткізіледі. Жалпы қатысатын адам саны – 400. Жыл басынан бері курстан 140 адам өтті.
«Дене шынықтыру педагогының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын 2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында өткізу жоспарлануда. Қатысатын адамдар саны – 5 393 адам.
«Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтарының кәсіб құзіреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы 2024 жылы 8 сәуір мен 8 қараша аралығында өткізу жоспарлануда. Қатысатын адам саны – 453 адам болады деп жоспарлануда.