22 сәуір, 2024 жылы Абай облысында жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды.
- Қаралды: 231
Курс Абай облысы білім басқармасының «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК базасында өтіп жатыр. Тыңдаушылардың жалпы саны — 55.
Курс мақсаты – дене шынықтыру саласында инновациялық педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып, дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын арттыруға бағытталған.
Курс 7 модулден тұрады. Олар:
✓Нормативтік құқықтық модуль;
✓Психологиялық педагогикалық модуль;
✓Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық шарттары;
✓Дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары. Дене шынықтыру сабақтарында денсаулық сақтау технологиялары;
✓Ерекше білім беру қажеттіліктері бар және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды оқытудағы заманауи технологиялар;
✓ «Дене шынықтыру» пәні бойынша ІТ құзыреттілік;
✓Вариативті модуль.
Абай облысы бойынша жауапты әдіскер — А.А. Елубай.