Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде.
Акцияның "Жасыл аймақ" апталығы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы қызметкерлерінің белсенділік танытуымен Ұлы Дала даңғылының бойындағы № 9 секторда 44 ағаштың, 11 бұталардың түбі қоқыстардан тазартылып, қопсытылды. Орталыққа бөлінген аймақта тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асырылды.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті ынтымақты көрсететін керемет шара. Әр азамат өз өлкесінің тазалығына, көркемдігіне жанашырлықпен қарау арқылы өзінің жауапкершілігін танытады.
ҚР, Астана қ., Сарыарқа данғылы, 6 БО "АРМАН" 9 қабат 8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі 8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі 8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі 8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру nnpcfk2024@gmail.com info@nnpcfk.kz