«Дене шынықтыру» пәнін оқытудағы заманауи тәсілдер: құқықтық аспектілер, әдістеме және практика» оқыту семинары
- Қаралды: 193
26 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалык дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен «Дене шынықтыру» пәнін оқытудағы заманауи тәсілдер: құқықтық аспектілер, әдістеме және практика» атты оқыту семинары аяқталды.
Тыңдаушылар: аудандық, облыстық және Астана, Алматы, Шымкент калаларындағы әдістемелік кабинеттер мен орталықтарының дене шынықтыру әдіскерлері. 22-26 сәуір аралығында 5 күнге созылған семинарда 100 әдіскер оқыды (орыс тобы -42, қазақ тобы - 58).
«Дене шынықтыру және спорт құқықтық құжаттар», ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР «Дене шыныктыру және спорт туралы» Заны, Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы 2023, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, «Педагогтің кәсіби стандарты, педагогикалық этика кағидалары», «Орта білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу кағидалары мен шарттары», «Орта білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары», «Заманауи мектепте дене шынықтыруды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері», «Жас ерекшелік психологиясының негіздері және дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу» және тағы басқа тақырыптар қамтылды.
Атап айтқанда: Қазақ ұлтық хареграфия академиясы п.ғ.к. Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы «Заманауи мектепте дене шынықтыруды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері» атты лекциясын, Волковинская Элизабет Михайловна «Дене шынықтыру пәнін оқыту үдерісіндегі инклюзивті білім беру» тақырыбында, Ержанова Гүлмира Әміржанқызы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар» тақырыбында, Баукенова Жазира Алтайқызы «Қазіргі мектепте дене шынықтыруды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері» деп аталатын лекция оқыды.