8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы

🏆 «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы аясында «Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!» тақырыбында 2024 жылдың 17 мамырында Астана қ. Abu-Dhabi Plaza көпфункционалды кешенінде бұқаралық ұлттық спорт ойындарынан түрлі сайыстар өткізілді. Атап айтар болсақ, «Арқан тарту», «Асық ату», «Бес асық».
🎯 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Балаларды ерте дамыту институты, «Талап» КЕАҚ мамандары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Әріптестер арасында бірлестікті арттыру, мәдени құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыста «Арқан тарту», «Асық ату», «Бес асық» және «Ләңгі тебу» жарыстарының қорытындысы бойынша
🥇- Асық атудан «Өрлеу» орталығы – І орын;
🥇- Арқан тартудан «Талап» КЕАҚ – І орын;
🥈- Бес асықтан Балаларды ерте дамыту институты – ІІ орын;
🥇- Ләңгі тебуден ҰҒПДТО – І орын иеленді.
🏆🏆🏆Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған әріптестерімізге салтанатты түрде Кубок табысталды.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар