2024 жылғы 24 мамырда Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
- Қаралды: 215
2024 жылғы 24 мамырда Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында «Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген біліктілікті арттыру курсына 116 тыңдаушы қатысты.
Біліктілікті арттыру курсында тәжірибелі тренер-лекторлар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне негізгі дене қимыл-қозғалыстарының сапасын арттыру, нығайту, заманауи дене шынықтыру - жаттығуларды үйлесімді қолдану, икемділік қабілеттерді дамытудың әдістерін үйретті.