Дене шынықтыру пәні бойынша заманауи педагогикалық технологияларды меңгертуге бағытталған біліктілікті арттыру курсы басталды.
- Қаралды: 141
2024 жылғы 27 мамырда Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында басталған біліктілікті арттыру курсы дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби білімдерін тереңдетіп, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Аталған өңірлерде өткізіліп отырған курсқа барлығы 800 тыңдаушы қамтылды.
Орталықтың білікті тренер-лекторлары бекітілген бағдарлама аясында оқу процесінде білім алушылардың дене қасиеттерін дамыту ерекшеліктері, дене тәрбиесі, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы бойынша кешенді жаттығуларды жобалаудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасаудың ережелерін меңгертіп, IT құзыреттілікті дамыту бойынша дәріс береді