Дене шынықтыру пәнінен республикалық Олимпиада басталды
Дене шынықтыру пәнінен республикалық Олимпиада басталды
Қаралды: 171
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 28 мамырда Алматы қаласындағы № 117 және № 141 жалпы білім беретін мектептердің оқу базасында Дене шынықтыру пәнінен республикалық Олимпиада басталды.
Білім алушылардың физикалық денсаулығының және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау мақсатында «Дене шынықтыру» пәні бойынша өткізіліп отырған Республикалық пәндік Олимпиада 28 мамыр – 2 маусым аралығында 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
«Дене шынықтыру» пәнінің білім беру бағдарламасының шеңберінде теориялық білім мен практикалық, коммуникативтік дағдыларын тереңдетуге бағытталған Олимпиадада республика бойынша 170 білім алушы жеке және командалық форматта бақ сынасатын болады.
“Дене шынықтыру” пәні бойынша
5-6 сынып, 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық Олимпиадасы мандатық отырысының мәліметі:
Алматы қаласы - 20 оқушы
Алматы облысы - 20 оқушы
Жамбыл облысы - 20 оқушы
Қарағанды облысы - 20 оқушы
Шығыс Қазақстан облысы - 10 оқушы 7-8 сынып
Абай облысы - 10 оқушы 7-8 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы - 10 оқушы 7-8 сынып
Маңғыстау облысы - 20 оқушы
Жетісу облысы - 20 оқушы
Атырау облысы - 20 оқушы
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz