🟢 ҰҒПДТО ЮНЕСКО өкілдерімен бірге Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саясатын талқылады
🟢 ҰҒПДТО ЮНЕСКО өкілдерімен бірге Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саясатын талқылады
Қаралды: 205
ҰҒПДТО ЮНЕСКО өкілдерімен бірге Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саясатын талқылады
ҰҒПДТ ЮНЕСКО өкілдерімен бірге Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саясатын талқылады. Жобаның мақсаты – Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ҰҒПДТО ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өңірлік кеңсесімен бірлесіп, «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі (СДТ)» жобасын іске асырған.
Сол кезде жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауына ие болды.
Жобаны іске асыру барысында Қазақстандағы дене тәрбиесі саласындағы ағымдағы тәжірибеге шолу жасалып, ол аналитикалық есеп түрінде ұсынылды. Осы талдаудың негізінде Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саясаты қалыптастырылды.
Сонымен қатар, Алматы, Орал, Өскемен, Шымкент және Ақтөбе қалаларында «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету» атты кеңес беру кездесулері ұйымдастырылды және өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – қатысушыларды ЮНЕСКО-ның сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясатының әдістемесімен таныстыру; ұлттық СДТ саясатын әзірлеу аясында дене тәрбиесін нығайту іс-шараларын талқылау болды.
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz