Қарағанды қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
Қарағанды қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
Қаралды: 423
Қарағанды қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
Білім алушыларға ҰҒПДТО тренер-лекторы Шотаев Мақсат Есенбекұлы ұлттық ойындарды бала-бақша форматында ықшамдап ойнату тәсілдерін үйретіп, көпжылғы тәжірибесімен бөлісті. Біліктілікті арттыру курсына 19 тыңдаушы қатысты. Сондай-ақ тыңдаушыларға Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы "Қарлығаш" бөбекжайының дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы Нұргүл Маханбетчина «Шеберлік сабағын» өткізді. Нұргүл Аманжолқызы 2023 жылы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығынан арнайы курстан өткен болатын.
Тыңдаушыларға тәжірибені жетілдіру мақсатында кәсіби практикалық сабақ өткізуге қолдау көрсеткен "Қарлығаш" бөбекжайының меңгерушісі Меруерт Мадикеноваға айырықша алғысымызды білдіреміз.
ҚР, Астана қ., Сарыарқа данғылы, 6 БО "АРМАН" 9 қабат 8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі 8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі 8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі 8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру nnpcfk2024@gmail.com info@nnpcfk.kz