8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек XII жазғы Универсиаданы өткізу міндетін Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығына тапсырды.
ХІІ жазғы Универсиада студенттік спортты дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды!

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығындағы Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу және Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханаларының ұйымдастыруымен  2023 жылғы 13-14 маусымда дене шынықтыру саласындағы әдіскерлерге арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдысын дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының бекітілген оқу бағдарламасының алты модулі бойынша республикалық оқыту семинары өткізілді.

➡24 мамыр - 24 маусым аралығында Ақтау қаласында 17 спорт түрінен өтіп жатыр.

➡272 алтын, 272 күміс, 396 қола, 96 кубок, 1036 диплом сарапқа салынады.

➡Қазіргі таңда үстел теннисі, жүзу, жеңіл атлетика, шахмат жарысы аяқталды. Тоғызқұмалақ, футзал жарыстары өтіп жатыр.

➡ Медальдық есеп бойынша 🥇әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 🥈М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, 🥉 Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті көш бастап тұр.

➡Универсиада бағдарламасында жүзу, волейбол, таэквандо, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, әйелдер күресі, жеңілатлетика, баскетбол, футзал, бокс,  бадминтон, каратэ спорт түрлері бар.

➡Қазіргі таңда 55 ЖОО (3000 студент) қатысуға өтінім берген.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпараты бойынша, Абай облысында педагогтер арасында II Республикалық спартакиада аяқталды.

Бес күндік жарысқа республиканың 15 облысы және 3 қаласынан 740 педагог келді. Олар спорттың бес түрі бойынша сынға түсті. Спартакиада қорытындысы бойынша 1 жалпы командалық орынды Алматы қаласының командасы, 2 орынды Түркістан облысы және 3 орынды Абай облысы иеленді.

Жеңімпаздарға қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атынан кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жекелеген спорт түрлері бойынша жүлдегерлер 1, 2, 3 дәрежелі кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар