Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды. Биыл аталмыш шара 2-мәрте ұйымдастырылуда.