Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалін өткізіп жатыр.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен "Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру" тақырыбында Алматы облысы Талғар ауданында 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курсқа 85 мұғалім қатысты.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен "Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру" тақырыбында Шығыс Қазақстан облысында 24 сәуірде басталған 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы 5 мамырда аяқталды.
1-8 мамыр аралығында 7-8 сыныптар арасында футболдан “Былғары доп”, баскетболдан “Алтын доп”, гандболдан “Ұшқыр доп”, водейболдан “Шұбар доп” жарыстарының республикалық кезеңі өтті.