8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

1999 жылы Калифорнияда болған оқиға желісімен түсірілген «Жаттықтырушы Картер» фильмі туралы жазғым келіп жүргелі біраз болды. Кинода жаттықтырушы Картер барлық бала НБА ойыншысы болмайтынын түсінеді. Сондықтан ол әр баланың алдында басқа да жолдар мен мүмкіндіктердің есігін ашуға тырысады. Бас кейіпкер оқушыларды тек баскетбол ойнауға, командада өзара әрекеттесуге үйретіп қана қоймайды. Ол жігіттерді ересек өмірге бейімдеуге баса көңіл бөледі. Бұл негізінен мұғалім мен оқушылар туралы, олардың күрделі қарым-қатынастары және Америкадағы білім беру мәселелері туралы нақты прототиптері бар деректі фильм. Мұнда кейбір аудандардың тұрғындары білімі болмағандықтан ғана екінші сортты адамдар болып саналуы мүмкін. Америка Құрама Штаттарында мектеп оқушысының оқу үлгерімі төмен болса, аттестатсыз қалуы мүмкін. Тұрмысы төмен аудандардың оқушылары үшін екі-ақ жол бар: аттестат алу және өмірлік мақсатқа ұмтылу немесе (көпшілік сияқты) оқу-білімсіз, қылмыспен айналысып, темір тордың артында өмір сүру. Негізінде, американдықтар үшін білім - табысты және бақытты өмірге апаратын жол, осы идеяны әрбір жасөспірімге жеткізу маңызды іс болып саналады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 3 қазан - 9 желтоқсан аралығында бюджеттік негізде дәстүрлі форматта Қазақстанның барлық өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында   біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Курстың алғашқы легі Астана қаласында, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды. Курсқа 370 адам қатысып жатыр. 80 академиялық сағат көлемінде қазақ - орыс тілдерінде өтетін курста жалпы 1630 мұғалім қамтылады деп күтілуде.

Білім беру бағдарламасы педагогтердің пәндік саладағы кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Курстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

2022 жылғы 27-29 қыркүйек аралығында «Ұлттық мектеп лигасы» аясында мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан облыстық жарыс өтті. Жарысқа 7 команда, 70 қатысушы қатысты. Жеңімпаздар келесідей анықталды.

2022 жылдың 27 Қыркүйек күні Исатай аудандық білім бөлімінің №144 бұйрығына сәйкес «БАРЫС» балалар- жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен Футзалдан 7-8 сынып қыз оқушылары арасында аудандық Ұлттық мектеп лигасы өтті.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар