8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Щучинск қаласында мектеп оқушылары арасындағы спорттық бағдарлаудан республикалық жарыс өткізілуде.

2022 жылдың  қыркүйек айының 22-сі күні Атырау қаласында облыстық ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында Атырау облыстық білім беру басқармасы басшының міндетін атқарушысы Айнагул Байғанинқызы сөз сөйлеп спортшылырға сәттілік тіледі. Аталған шарада Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері төс белгісімен» «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабекұлы марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласында гандболдан 9-11 сынып ұлдар арасында "Ұшқыр доп" ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірінің алғыс хатымен Айбол Шаймарданұлы мараптталды. Айта кетейік желтоқсан айының соңына дейін жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 11 түрінен  (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, шахмат, футбол, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс) 43 жарыс бойынша өзара сынға түседі.

11-13, 14-15, 16-17 жастағы оқушылар арасындағы Президенттік тестілеу жарысының ашылу рәсімі Астанада 89 мектеп лицейінде өтті. Айта кетейік, жарыс 89 мектеп лицейі мен 7 гимназиядада 20-25 қыркүйек күндері өтеді.

Ашылу рәсіміне Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садықов Сағдат Кәбірұлы, 89 мектеп-лицейдің директоры Мухамедиев Беимбет Мухаметказинович және өңірлердің дене шынықтыру мұғалімдері мен жарысқа қатысушы оқушылар қатысты.

Президенттік тестілеуден 11-13, 14-15, 16-17 жастағы оқушылар арасында Республикалық жарыс өтеді.

Президенттік тестілеу 20-25 қыркүйек күндері  Астанада 89 мектеп және 7 гимназияда ұйымдастырылуда.

Бүгінгі мандаттық комиссия отырысына Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы, Алматы және Астана қалаларының оқушылары қатысуға өтінім берді.

Командаларға сәттілік!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар