28 қараша - 9 желтоқсан аралығында Батыс және Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының соңғы легі курстан өтіп жатыр.
Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық аймағынан барлығы 1610 мұғалім курста білімдерін жетілдіреді.