Бас директорды тағайындау
- Қаралды: 629
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 251 бұйрығымен ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директоры болып Садықов Сағдат Кәбірұлы тағайындалды.
Сағдат Кәбірұлы аталмыш орталықта 2018-2019 жж. бөлім басшысы, 2019-2021 жж бас директордың спорт жөніндегі орынбасары, ағымдағы жылдың 16 тамызынан бері бас директордың міндетін атқарып келді.
Ол - дзюдо бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Квебек қаласындағы Дүниежүзілік Универсиаданың, Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, Сидней, Афина Олимпиадасының қатысушысы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы.
1973 жылы 29 шілдеде ШҚО, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Туризм және спорт академиясының түлегі.