8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 13-18 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, «Номад» спорт кешенінде хоккейден 2012 ж.т. оқушылар арасында республикалық жарысы басталды. Турнирге Орал, Өскемен, Нұр-Сұлтан қалаларынан 5 команда қатысуда. Турнир қатысушыларының Қазақстан хоккей федерациясының өкілі Сайхан Руслан сәттілік тілеп, турнирді салтанатты түрді ашып берді. Жарысқа қатысушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

"Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" 04-15.10 аралығында СҚО, БҚО, ШҚО, Ақтөбе облыстарының «дене шынықтыру» мұғалімдеріне «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында курс басталғанын хабарлайды. 

Курсқа 200 мұғалім қатысуда, қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК  ұйымдастыруымен 2021 жылдың  4 қазан күні "Жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламасы, дене шынықтыру сабағының 3 сағаты" туралы онлайн-жиналыс өтті.  Онлайн-жиналыс «Мектепке дейінгі және орта білім беру комтитеті»  төрағасының орынбасары Карамбаев Жомарт Петровичтің және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице президенті Мұхаметханова Алмагүл Кеңесханқызы, "Дене шынықтыру" пәні бойынша «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Мадженов Серікқазы Тұрсынбайұлы,"Дидактика" зертханасы меңгеруші Сайлаубаев Әкімжан Әбдіхалықұлының  қатысуларымен өткізілді.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармаларының методистері, аймақтық дене шынықтыру орталықтарының директорлары «дене шынықтыру» пәні бойынша туындайтын басты  сұрақтарды қоя алды.  

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі» орталығы РМҚК Бас директорының міндетін атқарушы С.К. Садықов барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтайды!

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар