«Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
- Қаралды: 147
Сіздерді Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі базасында 2024 жылғы 12-13 желтоқсанда өтетін «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – білім және тәжірибе алмасу алаңын құру, білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері мен жолдарын талқылау.
Конференцияға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамы, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады.
Конференция жұмысының бағыттары:
1-бағыт. Білім беру ұйымдарында дене шынықтыруды жетілдірудің өзекті мәселелері мен жолдары;
2-бағыт. Дене тәрбиесі процесінде білім алушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру.
Өткізу нысаны – бетпе-бет (офлайн).
Конференция іс-шаралары:
- «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция– 12 желтоқсан 2024 жыл;
- Дене шынықтыру саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сыныптары–13 желтоқсан 2024 жыл.
Конференцияны өткізу қорытындысы бойынша «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары – электронды жинақ жарияланады.
Конференцияға қатысушылардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын іссапарға жіберуші ұйым жүзеге асырады.
Өтінімдерді қабылдау және конференцияға қатысушыларды тіркеу: 2024 жылғы 02 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Мақалаларды қабылдау: 2024 жылғы 02 желтоқсанға дейін.
Мақаланы жариялау үшін жарнаны төлеу: 2024 жылғы 02 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Конференцияны өткізу: 2024 жылғы 12-13 желтоқсан.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция өтетін орын: Астана қ., Назарбаев Университеті Медицина мектебі, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 5/1.
Конференцияны өткізу регламенті:
Конференция офлайн форматта өтеді. Конференцияға қатысу үшін Конференция сайтында тіркелу, конференция материалдарында мақаланы жариялау үшін жарна төлеу қажет. Мақаланы жариялағаны үшін жарнаны төлеу конференция шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүзеге асырылады (деректемелер 1-қосымшада ұсынылған).
Мақаланы жариялау құны – 5000 теңге.
МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Конференция материалдарында жариялауға пайдаланылған әдебиеттер тізімін қоса компьютерде терілген 3-6 беттен тұратын мақалалар қабылданады (Microsoft Word мәтіндік редакторы, А4 парағының форматы, бағдары – кітап). Бет жиектері: сол – 3 см, жоғарғы, төменгі – 2,0 см, оң – 1 см, беттің ені бойынша туралау, кегль 14, жоларалық интервал – бір, абзац шегінісі – 1,25 см. Бет нөмірлері қойылмайды. Мақала *.doc, *.docx форматында ресімделеді, файл автордың тегімен (бірінші автор) аталады.
Мақалада келесі бөлімдер болуы керек: зерттеудің өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері, қорытындылар, әдебиеттер тізімі (МЕМСТ 7.1-2003 бойынша ресімделеді). Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада беріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында сілтеме ретімен көрсетіледі.
Мақаланы, сондай-ақ кестелер мен суреттерді ресімдеу үлгісі
2-қосымшада келтірілген.
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ бас әріппен және ортасында бос жолдың бойымен қою шрифтпен көрсетіледі. Ортадағы бос жол арқылы – автордың/авторлардың аты-жөні (3 автордан аспайтын), ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (қысқартусыз), төменде – зерттеу жүргізілген ұйымның атауы, қаласы және ел. Әрі қарай, парақтың ені бойынша бос жол арқылы аннотация ұсынылады, төменде түйін сөздер (5-8 сөз), бірінші автордың немесе хат-хабар үшін автордың e-mail көрсетіледі. Бос жол арқылы мақаланың мәтіні келтіріледі (мақаланы рәсімдеу үлгісі 2-қосымшада).
Мақала материалы басқа электрондық және баспа басылымдарында бұрын жарияланбаған түпнұсқа болуы тиіс. Автор(лар) мақала материалдарының мазмұны мен баяндалуы үшін дербес жауап береді және авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапты болады.
Көрсетілген мерзімнен кейін берілген, жарияланымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және/немесе конференция жұмысының бағыттарына сәйкес келмейтін мақалалар қабылданбайды.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ
Конференцияға қатысуға тіркелу
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfWITUFZzEyYd_6pevFCBFvaKHiJ3BzXNQLrsBlciGfe1AFTA/viewform?usp=sf_link электронды порталында 2024 жылғы 02 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады. Конференцияға қатысушылар тіркеу нысанын толтырады (3-қосымша).
Тіркеу нысанында конференцияға қатысушылар конференцияға қатысу бағытын көрсетеді. Бір қатысушы бір өтінім бере алады. Егер мақаланы
авторлар ұжымы жіберсе, тіркеуден бірінші автор өтеді.
Конференцияға қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Конференцияға қатысуға өтінім беруге қатысты барлық мәселелер бойынша конференция ұйымдастырушыларына хабарласуға болады:
Есембаева Ғалия Балғожиевна – Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы зертханасының аға сарапшысы, конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшесі.
Тел. 87019994641, 87776003015. E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұл хат конференцияға қатысуға шақыру болып табылады.
Толық ақпаратты конференция сайтынан білуге болады