Бүгін елордада №37 мектеп-лицейінде Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы дене шынықтыру мен спорт саласы, әсіресе мектепте балаларды спортқа баулу бойынша алдымызға бірнеше мақсат-міндеттерді қойды. Осы орайда, Ұлттық мектеп лигасы - Министрлік пен жалпы білім саласы үшін өте маңызды шара. Ұлттық лиганың қатысушылары да, оқушыларымыздың спорттық әлеуеті де жыл сайын артып жатыр.