8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Қазақстан мектеп оқушылар гимназиадасы жалғасуда.

Тараз қаласында Гимназиада аясында дзюдо жарысы басталды. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысуда 1-5 маусым аралығында өтеді.

Дзюдо жарысына Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан 48 оқушы қатысуда.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық Ұлттық мектеп лигасы жарыстары жалғасуда.

Өскеменде Ұлттық мектеп лигасы аясында баскетболдан «Алтын доп» жарысы басталды. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысуда.

Ұлдар арасында 12 командадан (Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл) 109 оқушы, қыздар арасында 8 командадан (Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Павлодар, Жамбыл) 78 оқушы бақтарын сынап жатыр.

Қазақстан футбол федерациясы ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп 9-14 жас аралығындағы қыздарға арналған "Менің ойым" атты футбол фестивалін өткізуд.

Іс-шара бүкіл ел бойынша өтеді. Фестивальдер Шымкент, Түркістан облысы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Қарағандыда өтті.

Фестивальге қаланың 15 мектебінен әр түрлі жастағы 187 бала қатысты.

Балалар жылында Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім гранттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бүгін Білім және ғылым министрлігі жас спортшыларды салтанатты түрде марапаттады. Бұған дейін қазақстандық оқушылар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жарысына қатысып, Францияның Нормандия қаласында әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдермен сынға түсіп, үшінші орынды иеленген болатын. Ұлттық құрама 86 медаль жеңіп алды.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар