8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған УЕФА-ның "D" жаттықтырушылар категориясы және "Футболдағы балаларды қорғау саясаты" бойынша курс  өткізуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік,   наурыз бен  маусым аралығында курстар Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалаларында өткен болатын; Тыңдаушылар саны 2000-ға жуық мұғалімді құрады. Сондай-ақ, 9-14 жас аралығындағы қыздарға арналған "Менің ойым" футбол фестиваліне  1500-ға жуық оқушы қатысты.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Астана медицина университеті ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша тараптар екі жақты келісімшартқа отыруға дайын.

Ресми құжаттарға қол қойылған сәттен бастап, ғылыми лабораторияның жұмыс жоспарымен таныстырамыз.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы өңірлердегі әдіскерлердің арасында онлайн жиналыс өткізді. Жиынға 55 адам қатысты. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының "Мектепке дейінгі және орта білім беру институтының" ғылыми хатшысы Көптілеуова Сянзия Кантуреевна мен  "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК әдіскері Копкина Елена Ивановна    2022 – 2023 оқу жылындағы "Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша орта білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінің ерекшеліктері туралы баяндады. Жиынға қатысушы әдіскерлердің сұрақтарына жауап берді.

Ұстаздықтың қадірін асырып, жақсы атқа шаң жуытпай жүрген өз ісінің нағыз майталмандары баршылық. Солардың қатарында мұғалім мамандығын жүрегімен қалап таңдаған, жауапкершілікпен атқаратын, оқушыларына білім мен тәрбие нәрін сіңірген ұлағатты ұстаздарды мақтау да, олармен мақтануға да әбден болады. Еліміздің батысы мен шығысы, оңтүстік-солтүстігі, орталығын алсақ та, атын алтын әріппен жазуға лайық ұстаздар жетерлік.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар