Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда
- Қаралды: 554
Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда …
Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда …
Бүгін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Сағдат Садықов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, доцент Улбосын Марчибаева және кафедра қызметкерлерімен кездесті.
Құрметті ұстаздар!
Жарияланған кестеге сәйкес 3 қазаннан басталған курстар еліміздің бас қаласы Астанада, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында қазіргі таңда жалғасуда. Аталмыш 7 аймақта 490 дене шынықтыру мұғалімі білімдерін жетілдіруде. Жалпы республика көлемінде жыл соңына дейін 1630 мұғалімді қамту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, өңірлердегі курстың өту кестесі алдыңғы жазбаларда жарияланды. Курсқа тіркелу жергілікті білім басқармалары арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары Абай және Ұлытау облыстарында 10-21 қазан аралығында өтеді.